PRETIUM ERAT VOLUTPAT MAECENAS
21.06.2018
Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында үздік үштікке енді
22.08.2025Ақтау қаласында дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтті. Бұл сынға әлемнің бірнеше елінен жиналған жас мергендер бақ сынап, жебесін нысанаға қадады. Байрақты бәсекеде ел намысын Батыс Қазақстан облысының жас спортшысы Эльнара Серікова абыроймен қорғады.
16–17 жас санатында «Қалқан» нысанасына шыққан Эльнара әрбір жебесін нық дәлдікпен бағыттап, қарсыластарынан оза шауып, топ жарды. Сөйтіп, қазақ елінің қоржынына әлем чемпионатының алтын медалін салды.
Айта кетерлігі, биылғы дүбірлі додаға Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Қазақстаннан келген 70-тен астам өрен қатысқан болатын. Солардың ішінен суырылып шығып, бас жүлдені иелену – жас мергеннің асқан шеберлігін айғақтайды.
Бұл жеңіс – тек Эльнара Серіковадай жас спортшының ғана емес, қазақ халқының ата-бабадан жалғасқан дәстүрлі өнерін жаңғыртып, әлемге танытқан зор жетістік.

Түгелбай Бисен
фото: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы