
Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында үздік үштікке енді
22.08.2025
Анарбековтың үш сейві 11 миллион еуро.
29.08.2025Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, мергендігімен талайды тамсандырған Ислам Сәтпаев тағы да ел мерейін асқақтатты. Шымкент төрінде жалауын көтерген нысана көздеуден Азия чемпионатында ол өзінің қайсарлығы мен шеберлігін дәлелдеп, құрлықтың үздігі атанды.
Пневматикалық винтовкамен 10 метр қашықтықтан оқ ату бағдарламасының шешуші сайысында Ислам Сәтпаев 250.1 ұпай жинап, қарсыластарына дес бермеді.
Екінші орындағы қытайлық Лу Дингке 249.8, үшінші орынға табан тіренен Оңтүстік Корея өкілі Пак Хаджун 228.7 ұпай жинады.
Айта кетерлігі, Ислам Сәтпаев бұған дейін де 2021 жылы Шымкентте өткен Азия чемпионатында алтыннан алқа таққан еді. Осылайша, қазақ мергені құрлық додасында екінші мәрте топ жарып, спорт тарихына жаңа парақ қосты.
Бұл жеңіс – ел үмітін ақтаған ердің еңбегі, жас ұрпаққа үлгі боларлық қайсарлықтың көрінісі.
Түгелбай Бисен
Фото: Спортты дамыту дерекциясы





