Заңғар Нұрланұлы US open турнирінің жартылай финалына шықты
05.09.2025
Өкінішке қарай, Заңғар Нұрланұлы АҚШ ашық чемпионатының финалына шыға алмады.
05.09.2025Оралдың аспанында тағы бір спорт жұлдыз жанды. Бұл жолы оқ атудан. Иә, көз ілеспес жылдамдық, темір жүйке, миллиметрлік дәлдік керек бұл спортта. Естеріңізде болса, Шымкентте өткен сары құрлық додасында Алиса Краденова есімді қарындасымыз қос бірдей қола медаль олжалап, ел мерейін үстем етті.
Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов те бұл жеңісті елеусіз қалдырмады. Қызметтік қабылдау емес, нағыз азаматтық құрмет көрсетті. Алиса мен оның бапкері Александр Петровичті арнайы шақырып, алғысын білдірді.
Алиса жай ғана мерген емес, табандылықтың, еңбекқорлықтың символы. Жеңіс те кездейсоқтық дей алмаймыз. Ол күн сайынғы маңдай тер, мыңдаған мәрте жасалған жаттығу, мүлт кетпейтін мергендік. Қатарынан екі мәрте қола жүлде иелену екінің бірінің маңдайына жазылмаған бақ. Әрі бұл жарыс өз елімізде болғанын ескерсек, Алиса атой салған аламанның салмағы арта түседі.
Сәбитов мырза: «Еңбек пен табандылық ешқашан елеусіз қалмайды. Алиса – біздің мақтанышымыз. Алда әлемдік жарыстар бар, сенен әлі де талай қуаныш күтеміз» — деп ізгі тілегін білдірді.
Спорт тек жүлде ғана емес, ол тәрбие, ол үлгі, ұлт рухы. Алиса сынды жас спортшылардың жеңісі елге сенім, жас ұрпаққа жігер береді.
Қос медальмен оралған қарындас ертеңгі ел чемпионы. Бүгін Азияны таңғалдырған ару болашақта әлемді таңдай қақтырса, таңғалмаймыз.
Жолың болсын, мерген!