Месси Аргентина құрамасынан кетті ме?
05.09.2025
Азияны мойындатқан мергенді қабылдады
05.09.202517 жасар қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Ол туралы Қазақстан теннис федерация хаьарлады.
ITF Juniors рейтингісінде 54-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы ширек финалда жарыстың 13-ракеткасы ресейлік, 18 жастағы Тимофей Дерепаскомен шеберлік байқасты.
Дерепаско — жасөспірімдер ғана емес, ересектер арасында да ойнап жүррген теннисші, ол ATP рейтингісінде 925-орында тұр.
Бірінші партияда есеп 1:1 болған мезетте Заңғар брейк жасады. Артынша тағы бір брейкке қол жеткізді. — 6:2.
Заңғар екінші сетті де брейкпен бастады. Бірақ сәтті бастама жалғасын таппай,есеп 1:1 болды. Дегенмен есеп 3:3 болғанда, қайыра брейк жасап, өз геймін алды — 5:3. Содан кейін матчты түйіндеді. Есеп 6:4.
Енді Заңғар Нұрланұлы финал жолдамасын жасөспірімдер арасындағы әлемнің 1-ракеткасы, болгариялық Иван Ивановпен сарапқа салады. Осылайша Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында қазақстандықтардан осындай табысқа жеткен алғашқы теннисші атанды.
Түгелбай Бисен