
Азияны мойындатқан мергенді қабылдады
05.09.2025
Темір адамдар тартысы
06.09.202517 жасар қазақстандық теннисші жасөспірімдер арасындағы «Үлкен дулыға» турнирінің жартылай финалында турнирдің бірінші ракеткасы, болгариялық Иван Ивановқа есе жіберді. Есеп 1:6, 4:6.
Иванов – ITF жасөспірімдер рейтингінің көшбасшысы, биылғы Уимблдонның чемпионы және «Ролан Гарростың» жартылай финалисі. 16 жасында-ақ ол ересектер арасындағы «Челленджер» сериясы турнирлерінде ойнап жүрді. Қазіргі ATP рейтингінде 926-орында.
Ал Заңғар Нұрланұлы биыл жасөспірімдер арасындағы «Үлкен дулыға» додаларында алғаш рет бақ сынап, Нью-Йоркте төрт жеңіске қол жеткізді. Осылайша, Қазақстан тарихында тұңғыш рет жасөспірімдер арасында «Үлкен дулыға» турнирінің жартылай финалына шыққан теннисші атанды.






