
Бес стадионның нешеуі салынады?
06.09.2025Шоқыр атаның жүлдесін иеленді.
06.09.2025Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешені көркем гимнастика алаңына айналды. Өңірдегі нәзік спорт түрінің жанашырлары ұйымдастырған Батыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты көрерменнің көңілінен шықты. Батыс Қазақстан облысының эстетикалық, көркем гимнастика, твирлинг-мажорет және чир спорт федерациясының басшысы Елена Кенжигалиеваның айтуынша, жарыстың басты мақсаты өңірде нәзік өнерді спортпен ұштастыра дамыту, талантына қанат біткен өрендерді танып-біліп, олардың болашақтағы үлкен спорттағы әлеуетін ашу.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткен жарыс көркем гимнастиканың аймақта кең өріс алып келе жатқанын көпшілікке паш етті.
Әсемдік пен әуезді қимыл, сұлулық пен сымбат үйлескен дода жұртшылықтың айрықша ықыласына бөленді. Жарыс тек спорттық бәсекенің ғана емес, балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеудің де айқын айғағына айналды.
«Жайық Аренадағы» сахнадай жарқыраған боз кілемге Ақтөбе, Атырау, Қостанай және Орал қалаларынан келген 170-ке жуық жас гимнаст шықты. Олар нәзік иіліс пен нәзік ырғақты қимылдары арқылы тек жаттығуларын ғана емес, жүректерінде маздаған өнерге, спортқа деген сүйіспеншілігін де көрсетті.
Айта кетейік бұған дейін өңірде көркем гимнастикадан әртүрлі деңгейдегі сайыстар ұйымдастырылғанымен, биылғы чемпионаттың ауқымы бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілді. Жас спортшылар жекелей де, топтық бағдарламаларда да өз шеберліктерін сынға салып, көрермен жүрегін жаулады.
Сөйтіп, әсемдік пен өнер тоғысқан бұл чемпионат Жайық өңірінің спорттық шежіресінде жарқын бір белес болып қалды.
Көркем гимнастиканы өңірде дамытып жүиген федерация өкілдері болашақта жарыс санын көбейтіп үздік шыққандарды елішілік және алыс-жақын шетелдерде өтетін бәсекелерге қатыстыруды көздеп отыр.
Түгелбай Бисен






