
Еуропа чемпионаты Қазақстанда өтеді
11.09.2025
Жас дзюдошылар сары құрлық жарысын сәтті бастады
12.09.2025«FIFA Arena» жобасын жүзеге асыру туралы келісімге еліміз алғашқылардың бірі болып қол қойды. Бұл бастама балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға және мектеп оқушыларының заманауи спорт инфрақұрылымына қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жоба аясында еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің аумағында 100 шағын футбол алаңы салынады.
Жобаға қатысушы елдер арасындағы ең жоғары көрсеткіш біздің елде. Алғашқы алаңдар биыл Хромтау мен Көкшетау қалаларында пайдалануға беріледі. Бағдарлама 2027 толықтай аяқталады деп жоспарланған. Жобаны Қазақстан футбол федерациясы ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асыруда.
Әр алаң FIFA стандартына сай салынады. Пайдалануға берілетін алаңдардың көлемі 20×40 метр, жаңа заманғы жасанды шөп жабыны төселеді (non-infill turf). Кіріктірілген қақпа, қоршау панельдері мен қауіпсіздік торлары да орнатылады. Әмбебап құрылым алаңдарды қолданыстағы мектеп аулалары мен спорт аймақтарына ыңғайлы түрде салуға мүмкіндік береді.
Аталған жоба ең алдымен шағын қалалар мен ауыл мектептерін қамтиды. Қажетті қаржы FIFA-дан. Жұмысты ҚР Туризм және спорт министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады.
Футбол еліміздің барлық өңірінде дамып, ең танымал бұқаралық спорт түрлерінің бірі. Қазіргі таңда футболмен 1,1 миллионнан астам адам жүйелі айналысады. Одан бөлек 7 378 жаттықтырушы жұмыс істейді. Елімізде 280 стадион, 148 футбол манежі, 7 мыңнан астам мектеп алаңы және 400-ден аса дене шынықтыру-сауықтыру кешені бар. Премьер-лигада 14 кәсіби клуб өнер көрсетсе, 242 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 40 мыңнан астам жас футболшы дайындалуда.
Кейінгі жылдары елімізде FIFA және УЕФА-ның қолдауымен Талғарда ұлттық құрамаларға арналған оқу-жаттығу базасы, Астанадағы Футбол үйі мен манеж, Шымкенттегі жеке «БИІК» базасы және Қостанайдағы «Тобол» клубына арналған толыққанды манеж салынды.





