
Сегізінші «Ақбидай» ауыл спорты ойындары басталды
12.09.2025
Жас дзюдошылар Азия үздіктері қатарында
12.09.2025Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов «Ақбидай» ауыл спорты ойындарының негізгі жарыстары басталар алдында арнайы жиын өткізді.

Жиынға спорттың 20 түріне жауапты мамандар мен бапкерлер қатысты. Басқосуда спортшылардың орналасуы, жарысқа дайындығы және ұйымдастыру жұмыстарына байланысты мәселелер талқыланды.
Бақдәулет Маратұлы әр бапкер және жауапты мамандармен жеке-жеке сөйлесіп, туындаған қиындықтарды кейінге қалдырмай, дер кезінде шешу қажеттігін атап өтті.
– Ел намысын арқалап келген соң, абыройды қолдан бермеуіміз керек. Төрт жыл бұрын 17-орын алған едік. Биыл көрсеткішті жақсартуға тиіспіз, – деді басқарма басшысы.

Түгелбай Бисен





