
«Ақбидай» спартакиадасы: Мақсат жеңіс тұғыры
12.09.2025
«Ақ бидай-2025» ойындарының алғашқы жарыс күні мәресіне жетті
13.09.2025Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының екінші күнінде қазақ елі палуандары 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Соны арқасында ел құрамасы 2 алтын, 4 күміс және 8 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде 3-ші орынға жайғасты.
Жарыстың екінші күнінде Інжу Жұмажан (-57 кг) алтын, Тоғжан Төлебай (+70 кг)күміс, Ерасыл Болатбек (-81 кг), Ұлдана Хожаназарова (-70 кг), Ердәулет Жұмабай (+90 кг) сынды спортшылар қола жүлде еншіледі.
Айта кетейік жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтіп жатыр. Құрлықтық біріншілікке 21 елден 200-ге жуық татами шебері бақ сынауда.
Дереккөз: Қазақстан дзюдо федерациясы





