
Мемлекет басшысы бокстан Әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады
15.09.2025
«Ақбидай-2025» батысқазақстандықтар жүлде санын арттыруда
15.09.2025Қыркүйектің 11–14 күндері Болгарияның Албена қаласында қол күресінен 46-шы Әлем чемпионаты өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған таңдаулы спортшылар бақ сынаған бұл дүбірлі додада Қазақстанның намысын өңір спортшылары да абыроймен қорғады.
Жас буын өкілдері арасындағы жарыста қос жерлесіміз жүлде тұғырынан көрінді. 18 жасқа дейінгі қыздар арасында сынға түскен Мирай Ислямғали қарсылас шақ келтірмей, әлем чемпионы атанды.
Одан соң 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында ел намысын қорғаған Гүлжайна Ғапурин де осал емес екенін көрсетт. Әлемдік аренада шеберлігін көрсете білген Гүлжайна қола жүлдені еншіледі.
Төрткүл дүниенің таңдаулы спортшыларымен иық тірестіріп, ел абыройын асқақтатқан қос арудың жеңісі ерен еңбек пен тынымсыз дайындықтың жемісі. Бұл жетістіктердің артында аянбай тер төккен білікті бапкерлер Есенаман Бекбұлсынов пен Мұратбек Амановтың да сүбелі үлесі бар екенін атап өткен жөн.
Түгелбай Бисен





