
«Қайрат» – «Реал»: билеттері сатылымға шығады
23.09.2025Каспий — Ж» – «Жайық» матчы бір минут үнсіздікпен басталды.
25.09.20252030 жылғы футболдан әлем чемпионаты жаңа форматта өтуі мүмкін ол ақпарат «Vesti.kz» сайтында жррияланды. Ал олар сілтемені «Ole» басылымына жасап отыр. Хабарда турнирге 48 емес, 64 құрама қатысуы ықтимал екені айтылады
КОНМЕБОЛ президенті Алехандро Домингес жариялаған жобаға ФИФА-ның қолдау көрсетуі әбден мүмкін. Егер бұл жүзеге асса, үш құрлықта мундиаль үш құрлықта өтеді. Естуімізше, Еуропада Испания мен Португалия, Африкада Марокко, Оңтүстік Америкада Парагвай, Аргентина және Уругвай елдері әлмдік доп додасын қабылдайды.
Ал турнир мүлде жаңа форматқа ие болады.
12 топтың орнына 16 топ
2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін әлем чемпионатынан басты айырмашылығы топтардың көптігі. 2026 жылы 12 топта төрт командадан ойнап, үздік екі команда мен үшінші орын алған сегіз команда плей-офф кезеңіне өтеді. Ал 2030 жылғы форматта 16 топ болады және тек екі үздік команда ғана келесі кезеңге өтеді. Бұл форматта чемпион атану үшін әр команда 8 матч ойнау қажет болады.
Оңтүстік Америкада матчтар саны көбейеді
Оңтүстік Америка үшін бұл өзгеріс айтарлықтай маңызды. Бастапқыда әрбір ел Аргентина, Уругвай және Парагвай бір ғана матч өткізеді деп жоспарланған болатын. Енді әр елде толыққанды бір топ ойнайды, яғни әр мемлекетте 6 матчтан өтеді. Топтық кезеңнің соңғы ойындары бір уақытта өтетінін ескерсек, кем дегенде екі стадион қажет болады.
Қандай стадиондар таңдалады?
Аргентинада басты стадион ретінде «Монументаль» таңдалған, ол ұлттық құраманың ресми алаңы ретінде бекітілген. Екінші нұсқа Ла-Платедегі «Диего Марадона» стадионы, ол да Аргентина футбол қауымдастығының шешімімен ұлттық команданың «үйі» болып саналады.
Уругвайда басты арена ретінде әйгілі «Сентенарио» стадионы. Сонымен қатар «Пеньяроль» клубының заманауи «Кампеон-дель-Сигло» стадионы да қарастырылуда.
Парагвайда жаңа стадион салынып жатыр, ал қосымша нұсқа ретінде «Дефенсорес-дель-Чако» стадионы аталады.
Қалған 13 топ Испания, Португалия және Марокко сияқты басты елдерге таратылады. Бұл мемлекеттер 2030 жылғы Әлем чемпионатының негізгі ұйымдастырушылары болады.
дереккөз: Вести





