Каспий — Ж» – «Жайық» матчы бір минут үнсіздікпен басталды.
25.09.2025
Қазақстан құрамасының үздік бомбардирі және ең көп матч өткізген рекордсмені құрамадан кетті
25.09.2025Файтер Шавкат Рахмоновтың UFC-ке қайта оралуы туралы жаңалықтар желдей есуде. Жуырда Namys Fighting подкастында болған Михаил «ММА Вестнигі» мен Фаниль «Ноғай» Рафиков Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.
Қазақстанның үздік жеңіл салмақ өкілдерінің бірі, Шавкаттың командаласы Фаниль Рафиков: «Шавкат UFC-ден келер жылдың басына жекпе-жек сұрады және қазір қарсыласын күтіп отыр. Шавкаттың оралғанша дивизионда көп нәрсе өзгеруі мүмкін. Жаңа чемпион пайда болуы мүмкін. Топ өзгеруі мүмкін: қараша айына Эдвардс – Пратес жекпе-жегі өтеді, Брэди қарсылас іздеуде. Бұл – ең қызықты дивизиондардың бірі. Бұл салмақтағы оқиғаны бақылау қызық. Мүмкін, біз Шавкат пен Белал Мухаммад арасындағы жекпе-жекті көрерміз»,–деді.
Айта кетейік, Шавкат 30 жаста. UFC-дегі дебютін 2020 жылы 24 қазанда өткізді. Бразилиялық Алекс Оливейраға қарсы өткен жекпе-жекті бірінші раундта сабмишнмен аяқтады. Ал осыған дейінгі айқасы былтыр желтоқсанның 7-сі өтті. UFC 310 турнирінде өткізді. қарсыласы – ирландиялық Иан Мачадо Гэрри болды. Шавкат бұл жекпе-жекте бірауыздан қабылданған шешіммен жеңіске жетті. Ол оның мансабындағы алғаш рет шешімге дейін жеткен жекпе-жек.
Қазақстандық спортшыға Белал Мухаммадқа қарсы чемпиондық жекпе-жек ұсынылған, бірақ жарақатына байланысты қатыса алмады. Оның орнына октагонға австралиялық Джек Делла Маддалена шығып, UFC-дің жартылай орта салмақтағы жаңа чемпионы атанды.





