
Федерико Валверде: «Алматыдағы жанкүйер қолдауы жақсы. Бірақ біз үшін таңсық емес»
29.09.2025
Құрама тізгіні Талғатқа табысталды
30.09.2025Бүгін «Қайрат» пен «Реал» бірі-бірімен алғаш рет күш сынасады. Ал желіде тараған видео әдемі әзіл. Белгілі болғандай, «Реалдың» басты жұлдызы Киллиан Мбаппе ойынды қосалқы құрамда бастайды. Алаңға шыпауы да мүмкін деген ақпарат тарап жатыр.
Айта кететін тағы бір дерек Мадридтік «Реал» құрамының болжамды нарықтық құны 1 миллиард 400 миллион еуроны құрайды. Бұл биылғы маусымдағы Чемпиондар лигасындағы ең қымбат құрам. Ал «Қайрат» ойыншыларының жалпы құны 12,7 миллион еуро. Алматылық клуб қарсыласынан 110 есе арзан.
Тіпті испан грандының кей ойыншыларының өзі «Қайраттың» бүкіл құрамынан қымбат тұрады. Екінші қақпашы Андрей Луниннің өзі 18 миллион еуроға бағаланады. Ал басты жұлдыздар санатындағы Килиан Мбаппе мен Джуд Беллингемнің нарықтағы құны 180 миллион еуро.
«Қайрат» ФК-ның баспасөз қызметі барлық билет сатылып кеткенін мәлімдеді.
Айта кетейік, ойын бүгін 21:45-те басталады. Ойынды сонымен қатар ұлттық арна мен «Qazsport» тікелей эфирде көрсетеді.
Түгелбай Бисен





