
Қайрат-Реал қандай қызықты дерек бар
30.09.2025
Еділ есімі – ел жадында
01.10.2025Белгілі отандық маман Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқаратын болды. Ол ақпаратпен ҚФФ өзінің ресми сайтында бөлісті.
Талғат Маруаұлы ұлттық құраманы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Лихтенштейн (10 қазан) және Солтүстік Македониямен (13 қазан) болатын ойындарда дайындайды.
Байсуфинов бұған дейін 2016-2017 және 2020-2022 жылдары ұлттық құраманы екі мәрте басқарған. Ал қазіргі таңда Қазақстан жастар құрамасы (U21) бапкерлерінің ұстазы (менторы) қызметін атқарады.
«ҚФФ Талғат Маруаұлының тәжірибесіне сенім артып, алдағы ойындарда сәттілік тілейді. Сонымен қатар, ҚФФ ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін қызметіне үміткерлермен келіссөзді жүргізіп жатыр.Тізімде үш шетелдік маман бар»,-делінген ақпаратта.





