
Еділ есімі – ел жадында
01.10.2025
2026 жылғы мундиаль добы несімен ерекше?
03.10.2025Әлемнің бұрынғы чемпионы, титулдарын 22 мәрте сәтті қорғаған және салмақ дәрежесіне қарамастан (P4P) үздік боксшылар рейтингінің бұрынғы көшбасшысы болған даңқты отандасымыз соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде өткізгенін білеміз. Ал даңқ залының ережелеріне сай, соңғы жекпе-жектен кейін кемінде үш жыл өтуі керек. Бұл талап енді орындалып отыр.
Дауыс беру нәтижелері 1 желтоқсанда жарияланады. Жеңімпазды 2026 жылы Даңқ залына енетін боксшыны АҚШ, Жапония, Англия, Канада, Аргентина, Аустралия, Нидерланды, Германия және Мексика елдерінің спорт журналистері мен бокс тарихшылары таңдайды.
Беделді “Boxingscene” басылымы Головкинді негізгі фаворит деп отыр.
Ал біздің Генаның басты бәсекелестері мыналар:
Вернон Форрест (1971–2009) Бұрынғы әлем чемпионы. Салмағы жартылай орта (2001–2003) және бірінші орта салмақ дәрежесінде (2007–2009). 2001 жылы P4P рейтингінің көшбасшысы Шейн Мозлиді жеңген.
Стив Коллинс (1964 ж.) WBO нұсқасы бойынша орта және екінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы (1994–1997). Үлкен Крис Юбенкті және Найджел Беннді екі реттен жеңген.
Даңқ залында тұруға әйелдер арасынан Қарағанды облысының тумасы, Германия атынан өнер көрсететін Кристина Хаммер ұсынылды.(28-1, 13 KO). Ол орта салмақта WBO чемпионы белдігін 12 мәрте қорғады және WBC тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы.
IBHOF Нью-Йорк штатының Канастота қаласында орналасқан. Даңқ залына енгізу салтанаты әдетте маусым айында өтеді. Қазіргі уақытқа дейін бұл тізімге енген қазақстандық боксшы жоқ.





