
Жеңіспен орал, «Желаев нан»
04.10.2025
Қазақ күресінен Бейбіт Асанов жүлдесіне арналған ашық турнир өтті
06.10.2025Қазақстандық жас дзюдошы Дана Әбдірова дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Перудің Лима қаласында басталған әлем біріншілігінде ол қыздар арасында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Жарыс барысында бес кездесу өткізген Дана төртеуін жеңіспен аяқтады. Іріктеу кезеңінде Эльвира Гурьеваны (IJF), Коралина Сиенниканы (Польша) жарыс жолынан шығарды. Ал ширек финалда Жапония спортшысы Уено Асукадан айласын асырды. қарқыны қатты Дана жартылай финалда Андраде Жованнаны тізе бүктірді. Алайда отандасымыз финалда жапониялық жас дзюдошы Мио Шираканеге есе жіберді. Айта кетерлігі, дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатын Лимада (Перу) өтіп жатыр. Аталған додада әлемнің 65 елінен 463 жас татами шебері бақ сынауда.






