
Дана Әбдірова — дзюдодан жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері
06.10.2025
Жарасхан Тасмағамбетов Еділ Ишекеновті еске алу турнирінің үздік боксшысы атанды
06.10.2025Бәйтерек ауданы Бейбітшілік ауылында меценат, ауданның Құрметті азаматы Бейбіт Асановтың жүлдесіне арналған қазақ күресінен ашық турнир өтті. Жарысқа аудан ауылдары мен Сырым, Қаратөбе және Атырау облысының жас палуанджары қатысты. Спорттық додада палуандар өзара мықтыны анықтап, боз кілемде нағыз қайсарлық пен шеберліктің үлгісін көрсетті.
Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне Бейбіт Асановтың өзі қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, аудандық қазақ күресі федерациясының президенті Нұрлыбек Хайруллин де сөз сөйлеп, осындай жарыстар жастарды отансүйгіштікке, ерлік пен төзімділікке тәрбиелейтінін атап өтті.
Жарысқа келген ұлдар арасында 7 салмақ дәрежесінде, қыздар арасында 2 салмақта күш сынасты. Әр салмақтағы тартысты белдесулер көрермен делебесін қоздырды. Бұл турнир тек спорттық шара ғана емес, жасөспірімдер арасында ұлттық спорт түрін насихаттап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.
Бейбітшілік ауылын думанға бөлеген бозкілем бәсекесінің қорытындысында
28 кг тартатын қыздар сынында
1- орын Сабырғали Еңлік (Қаратөбе ауданы)
2-орын Бекболатқызы Асель (Янайкин а.о)
3- орын Жневская Ева (Дариян а.о)
32 кг қыздар
1- орын Тен Василиса (Дариян а.о)
2-орын Мұхамбетқали Назым (Переметное а.о)
3- орын Мырзатаева Аяжан (Щапов а.о)
3- орын Берикова Назия (Щапов а.о)
Ұлдар жарысы да тартысты өтті.
26кг
1-орын Әділғали Алтынбек (Янайкин а.о)
2-орын Құрман Нұриман (Янайкин а.о)
3- орын Әдідғали Әділбек (Янайкин а.о)
3- орын Сағат Айсұлтан (Ұлттық спорт ком)
29 кг
1-орын Сарсенгалиев Дияр (Ұлттық спорт)
2-орын Исатаев Данияр (Жекпе-жек)
3- орын Ерсұлтан Әбілмансур (Ұлттық спорт)
3- орын Мутихолла Мадияр (Ұлттық спорт)
32 кг
1- орын Есентай Исмайл (Атырау қаласы)
2-орын Гумаров Арман (Янайкин а.о)
3- орын Тілекқабылұлы Ерқанат (Атырау қаласы)
3- орын Нәмиден Арман (Янайкин а.о)
35 кг
1- орын Талас Ерасыл (Сырым ауданы)
2-орын Сагындықов Арыстан (Сырым ауданы)
3- орын Жолдасов Ернұр (Чувашкин ауылы)
3- орын Исатаев Тайман (Жекпе-жек ком)
38 кг
1- орын Губайдулла Азиз (Атырау қаласы)
2-орын Сұлтан Асқар (Ұлттық спорт ком)
3- орын Алтен Ернұр (Ұлттық спорт ком)
3- орын Серік Иса (Сырым ауданы)
42 кг
1- орын Жұмагелді Құдырет (Переметное а.о)
2-орын Серік Нұрдаулет (Махамбет а.о)
3- орын Мақсұт Нұрхан (Махамбет а.о)
3- орын Аубакиров Арнұр (Дариян а.о)
+45кг
1- орын Нәсіпқали Мереке (Қаратөбе ауданы)
2-орын Жоламанов Мансур (Бейбітшілік а.о)
3- орын Нұржан Сұлтан (Ұлттық спорт ком)
3- орын Жоламанов Абулхайыр (Бейбітшілік а.о)





