
Әлем чемпионаты: финалдық жекпе-жектер нешеде өтеді?
14.09.2025
Күрішбек Дидарбек»Жайық жүйрігі-2025″ бәйгесінің екі дүркін жеңімпазы
14.09.2025Өңірдегі атсүйір, бәйгеқұмар азаматтарының бастамасымен қолға алынған «Жайық жүйрігі» бәйгесінің жарапиясы кеңіп, жүлде қоры да артты.
Биылғы бәйге атауы да»Жайық жүйрігі-2025″ Батыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты болып өзгертілді.
Сонымен қатар қылқұйрықтар додасына ұшқыр аттар жарысы қосылды.
Қала маңындағы жаңа атшабарда жалауы желбіреген жарыс 1400 метрге созылған 2 жастағы ұшқырлар бәйгесімен басталды.
Жарыс жолына шаққан жүйріктер елдің делебесін қоздырып, халыққа тамаша көңіл-күй сыйлады.
Қорытындысында бірінші орынды оралдық Күрішбек Дидарбек тақымдаған «Дат секюрити» атты сәйгүлік жеңіп алды. Ат иесі Қайырсапа Шерхан. Екінші Снежана Таймасова мінген «Златодарға» бұйырды. Ат иесі ресейлік Альберт Ялалетдинов. Ал үшінші орынды Рамазан Табылдиев шапқан «Дари Ард» атты жүйрік жеңіп алды. Ат иесі ресейлік Тілек Иманов.





