
Асықшылар үздік ондықта
14.09.2025
Дзюдошылар Азия чемпионатын қалай аяқтады
15.09.2025«Жайық жүйрігі -2025» бәйге түрлерінен Батыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты аяқталды.
Жайық өңірін дүбірге бөлеп, елдің рухын маздатқан сәйгүліктер жарысы көрерменнің көңілінен шықты.
Халықтың делебесін қоздырған бәйге сәйгүліктің мықтысы, шабандоздың сырттаны ғана шыдас беретін 31 шақырымға созылған “Ұлы аламан» бәйгесімен қорытындыланды.
Айналым сайын Жайық жағасын дүбірге бөлеген дода қорытындысында бас жүлдеге тігілген пәтерді Қарағанды облысынан келген Марден Жанболат жеңіп алды. Ал Алматы облысының намысын қорғаған Исламнұр Ертөс екіншіорын иеленді. Оның жүлдесі 3 000 000 теңге. Ал үшінші орынға табан тіреген тасқалалық Бекболатұлы Жігер 2 000 000 теңгені қанжығасына басты.
Одан бөлек төртінші келген тағы тасқалалық Едрес Бекхан бір миллион, бесінші болған ақжайықтық Ерқанат Нұрқанатұлына 500 000 теңге бұйырды.
Түгелбай Бисен





