
Жайықтың жолбарысы – Бекайдар
14.10.2025
6 әлем чемпионы қатысатын Қазақстан біріншілігі несімен қызық болады
15.10.2025Қазақ күресінің ұлы додасы – «Қазақстан барысы – 2025» турнирі биыл тағы да бір-бірінен өтетін алып палуандардың басын қосып, тартысты бәсекенің алаңына айналмақ. Осы мәртебелі жарыста боз кілемге шығатын ең жас палуан – Жайық өңірінен шыққан Эльнар Жанболатұлы. Эльнар жас болса да б3рталай жетістіктерге жетіп, боз кілемде өз үні, өз өрнегі бар палуан5а айналып келеді. Елорданың төріндегі аламанда айбынды өнерімен көзге түсуге тас-түйін дайын.
Ол 2005 жылдың 4 тамызында Ақжайық ауданына қарасты Қарауылтөбе ауылында дүниеге келген. Балалық шағын күрес өнеріне арнап, спорт жолына ерте қадам басқан. 2010–2022 жылдар аралығында Тасқала ауданы, Тасқала ауылындағы Қаныш Сәтпаев атындағы мектепте оқыды. Ал 2022 жылдан бастап Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде білімін жалғастырып келеді.
Эльнардың күреске деген қызығушылығын оятқан алғашқы ұстазы Еркебұлан Мұсағалиев. Бүгінде талантты палуанның шеберлігін Қайрат Бершібаев пен Арман Кельмұханов арттырып жүр. Жас палуан қазіргі таңда кәсіби деңгейде өсіп, үлкен спорттың биігіне нық қадам басып келеді.

Жас болса да, жетістігі мол
Эльнар жастығына қарамастан, қазақ күресі, самбо және дзюдо спорт түрлерінде өз мықтылығын әлдеқашан дәлелдеп келеді. Оның жүлде сөресінде қазірдің өзінде республикалық деңгейдегі жарыстардан қанжығасына байланған алтын, күміс, қола медальдар жетерлік.
Жетістіктері қатарында:
- 🥇 2021 ж. – Самбодан Қазақстан чемпионы
- 🥉 2022 ж. – Дзюдодан ҚР чемпионаты – қола
- 🥇 2022 ж. – Ауыл спорты ойындарында қазақ күресінен чемпион
- 🥈 2023 ж. – Самбодан ҚР чемпионаты – күміс
- 🥇 2023 ж. – Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы республикалық турнир чемпион
- 🥈 2024 ж. – Жастар арасындағы қазақ күресі – күміс
- 🥇 2024 ж. – Жастар арасындағы түйе балуандар сайысы – чемпион
- 🥇 2024 ж. – «Жас Барыс» республикалық турнирі – чемпион
- 🥇 2025 ж. – Жастар арасындағы қазақ күресінен ҚР чемпионаты – жеңімпаз
Биылғы «Қазақстан барысы» турнирінде боз кілемге шығатын ең жас қатысушы ретінде Эльнар тек Жайық өңірінің ғана емес, тұтас қазақ күресінің болашағына үмітпен қараушылардың назарында тұр. Оның тегеурінді техникасы, табанды мінезі мен жігерлі өнері жанкүйерлерге нағыз спорт рухын сезіндіре алады деген үміттеміз.
Түгелбай Бисен





