
Өңірдегі командалық спорт үздіктері
15.07.2026
Өнер Сейілхан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
16.07.2026Мажарстанның астанасы Будапешт қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан халықаралық рейтингтік турнирде Қазақстан құрамасының спортшысы Зейнеп Баянова жүлдегерлер қатарынан көрінді.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық балуан жарыс барысында жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.
Үшінші орын үшін Зейнеп Украина өкілі Оксана Ливачпен белдесуі тиіс болатын. Алайда қарсыласы бозкілемге шықпағандықтан, жеңіс қазақстандық спортшыға берілді.
Осылайша, Зейнеп Баянова Будапешттегі рейтингтік турнирді қола жүлдемен аяқтап, Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті медальді салды.
Айта кетейік, рейтингтік турнирлер халықаралық күнтізбедегі ең маңызды жарыстардың бірі саналады. Мұнда спортшылар әлемдік рейтингке қажетті ұпай жинап, алдағы ірі халықаралық додаларға дайындықтарын пысықтайды.
Зейнеп Баянованы халықаралық жарыстағы кезекті жетістігімен құттықтап, алдағы бәсекелерде де толағай табыс тілейміз!





