
11 спортшы грант иегері атанды
10.08.2026
Спортты саласы мамандары додаға түсті
12.08.2026Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Өнер Сейілханды және оның жаттықтырушысы Берік Жарылқасыновты қабылдады.
Кездесу барысында басқарма басшысы жас спортшыны құрлықтық додада көрсеткен жоғары нәтижесімен құттықтап, бұл жетістік Батыс Қазақстан бокс мектебінің әлеуетін тағы бір мәрте айқындайтынын атап өтті.
Бақдәулет Маратұлы спортшының халықаралық аренадағы табысы – тынымсыз еңбектің, табандылықтың және бапкермен бірлескен жүйелі дайындықтың нәтижесі екенін айтып, алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.
Өз кезегінде Өнер Сейілхан көрсетілген қолдау үшін алғысын білдіріп, алдағы жарыстарда ел мен өңір намысын абыроймен қорғауға бар күшін салатынын жеткізді.
Жиын соңында басқарма басшысы жас боксшы мен оның бапкеріне алдағы оқу-жаттығу жұмыстары мен жарыстарында сәттілік тілеп, спорттық жолдарында жаңа жеңістерге жетулеріне сенім білдірді.





