
Әлем чемпионатына баратын палуандар белгілі болды
08.09.2025
Еуропа чемпионаты Қазақстанда өтеді
11.09.2025Ел президенті өзінің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазір еліміздің төрт футбол клубына белгілі кәсіпкерлеріміз ие болды, яғни, клубтар жекеменшікке өтіп жатыр. Сол үшін оларға ризашылығымды білдіремін. Дегенмен футболды коммерцияландыру ісін жалғастыра беру керек. Мұндай қадамсыз Қазақстанда футбол дамымайтынын әлемдік тәжірибеден көріп отырмыз. Қазіргі заманда кәсіби спортты қомақты табыс әкелетін бизнес-индустрия ретінде қарастырған жөн», — деді
Содан кейін халық футбол клубтарын иелігіне алып, аяқдопты дамытуға кіріскелі жатқан қалталы азаматтар кімдер деген сауалдың жауабын іздей бастады. Көп ұзамай «Бірінші бол» сайты отандық футбол клубтарына инвестиция құятын азамататрдың тізімін жария етті. Блогер Ербол Еділовтің жазбасына иек артқан сайт «Шахтёр» футбол клубы – Тимур Турловқа, «Жеңіс» футбол клубы – Михаил Ломтадзеге,«Қызыл-Жар» футбол клубы – Сергей Канға берілетінін жария етті. Одан бөлек қызылордалық «Қайсар» Сыр өңіріне белгілі жас кәсіпкер, құрылыс саласының өкілі Исламғали Қозбақовқа сеніп тапсырылатынын да жазды. Ақпаратқа сенсек, Қозбақов келісімшарт аясында заманауи футбол академиясын салуға шамамен 12 млрд теңге инвестиция құюды жоспарлаған.
Ендеше ел ішінде желдей ескен әңгімеге арқау болып отырған қалталы азаматтар кімдер?
Тимур Турлов – «Шахтёр» і
Тимур Турлов, Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің бірі, биыл алғаш рет еліміздің ең бай бизнесмендер рейтингісінде екінші орынға шықты. Өткен жылы оның байлығы 3,3 миллиард доллар болған. 2024 жылдың басына қарай оның байлығы 2,5 миллиард доллардан 5,8 миллиард долларға дейін өсті. Бұл өсім негізінен Freedom Holding Corp. қаржы тобының акцияларының қымбаттауымен байланысты. Турловтың басшылығындағы Freedom Holding Corp. АҚШ-та тіркелген және бірнеше халықаралық ұйымдарды қамтиды, оның ішінде Қазақстандағы «Фридом Финанс», «Freedom Bank», «Freedom Finance Insurance» және басқа да құрылымдар бар.
Михаил Ломтадзе – «Жеңіс»
Еліміздегі ең ірі қаржы-цифрлық компаниялардың бірі Kaspi.kz-тің директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе де футболға инвестиция салатын ірі кәсіпкерлердің қатарында. 2023 жылы ол «Kaspi.kz»-тің үлесін сату арқылы «Колеса» акционерлеріне өз үлесін бергенімен, бизнес әлеміндегі ықпалы мен табысы одан әрі артты. Биыл, сондай-ақ, Ломтадзе Blue Ocean Partners II Limited компаниясы арқылы Англияның Wycombe Wanderers футбол клубының 90% үлесін сатып алды. Бұл клубтың тарихы 1887 жылдан басталады.
Сергей Кан – «Қызыл-Жар»
Сергей Кан — еліміздегі ірі бизнесмендердің бірі әрі оның аты танымал «ЦАТЭК» компаниясымен байланысты. Кан мен оның бизнес серіктесі Александр Клебанов осы компанияның үлкен үлестеріне ие болып, Қазақстандағы ірі индустриялар мен құрылымдарға қаржы құйып келеді. Сонымен қатар, Канның басқаруындағы «ЦАЭК» және «Circle Maritime Invest» компаниялары Қазақстанның мұнай-газ саласында да табысты жұмыс істейді.
Исламғали Қозбақов – «Қайсар»
Сыр өңірінің жас кәсіпкері Исламғали Қозбақов, қызылордалық «Қайсар» футбол клубына инвестиция құйып, еліміздің футболын дамытуда маңызды рөл атқарып отыр. Алайда, оның жеке бизнестері мен активтері туралы мәліметтер аз. Қозбақов — құрылыс саласында белгілі кәсіпкер, және осы салада үлкен жетістіктерге жеткен. Ол «Қайсар» клубының келешегіне 12 миллиард теңгеге жуық инвестиция құйып, заманауи футбол академиясын салуды жоспарлап отыр. Бұл жобалар Қазақстандағы футболды дамыту мен спорт инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Қорыта айтқанда, Қазақстан футболына үлкен өзгерістер мен жаңашылдықтар әкелу жолында маңызды кәсіпкерлер жұмыс істеп жатыр. Бұл өзгерістер еліміздің спорт саласына жаңа дем беріп, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті клубтардың қалыптасуына ықпал ететін болады.
Түгелбай Бисен





