
Азиада чемпионы туған жеріне оралды
28.09.2026
Ясмина Тоқсанбаеваның даулы жағдайы: спорт тарихында мұндай оқиғалар бұрын да болған
29.09.2026Түркістан қаласында пара байдарка және каноэ есуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігінде Батыс Қазақстан облысының мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубының өкілдері өңір қоржынына алтын және күміс медаль салды.
Байрақты бәсекеде Марсель Құлбарақов VL3 санатында 200 метр қашықтыққа каноэ есуден қарсыластарынан озып, чемпион атанды. Осылайша, ол аталған спорт түрінен облыс тарихындағы тұңғыш Қазақстан чемпионы атанып, өңір пара спортының шежіресіне есімін жазды.
Бұл – спортшының ғана емес, өңірдегі пара каноэнің де жаңа белесі. Құлбарақовтың жеңісі өңірде параспортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетеді.
Сол жарыста Марсель Ғұмаров KL3 санатында 200 метр қашықтыққа байдарка есуден күміс жүлдеге ие болды.
Қос спортшының жетістігі – табанды дайындық пен қажырлы еңбектің жемісі. Олардың жеңісіне жаттықтырушылар Гүлнара Спанова, Елена Бровкова және Наталья Соколова зор үлес қосты.





