
Дастан Сәтбаев «Челси» сапындағы алғашқы ресми ойынында гол соқты
28.07.2026
Оралда ұлттық құрамаға үміткерлер іріктелді
31.07.2026Алматы облысы, Талғар қаласында өтіп жатқан тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының чемпионатында Батыс Қазақстан облысының спортшысы Самира Оразмұханбет кезекті мәрте ел чемпионы атанды!
Рапид бағдарламасы, U-19 жас санатында өнер көрсеткен Самира қарсыластарынан оқ бойы озып, алтын жүлдені қанжығасына байлады.
Бұл чемпионаттың маңызы ерекше. Себебі ел біріншілігінің жеңімпаздары алдағы уақытта Түркияда өтетін Әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғау құқығына ие болады. Сондықтан бұл чемпионатқа кіл мықтылар жиылды.
Енді Самира Оразмұханбет әлемдік додада ел абыройын асқақтатады деген сенімдеміз.
Самираны жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Әлем чемпионатында көк Туымызды биіктен көрсетіп, жеңісті жолын жалғастыра беруіне тілектеспіз!





