
Шаңғы жолындағы шаң қақтырмас шын жүйрік
29.08.2025
Бокстан әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?
04.09.202517 жастағы қазақстандық жас өрен Заңғар Нұрланұлы АҚШ ашық чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.
ITF Juniors рейтингінде 54-сатыда тұрған Заңғар турнирдің екінші айналымында мықты қарсылас – әлем жасөспірімдері арасында 13-ші ракетка саналатын польшалық Алан Важнымен жолықты. Айта кетейік, поляк теннисшісі ересектер арасындағы ATP рейтингінде де 1750-орында тұр.
Бірақ бұл деректер қағаз жүзінде ғана. Корттағы жағдай басқа болды. Алпыс минуттан артыққа созылған айқаста Нұрланұлы қарсыласына бірде-бір мүмкіндік берген жоқ. Екі сетте де 6:4 есебімен басым түскен қазақстандық жасын көрсетпей, үлкендердің деңгейінде ойнады.
Жас дарынның алдағы қарсыласы да оңай емес. Ширек финалға жолдама үшін ол ITF Juniors рейтингінде 8-орында тұрған финляндиялық Оскари Полданиуспен күш сынасады.
Түгелбай Бисен
Фото: ҚТФ





