Қазақ футболына инвестиция салушылар кімдер
09.09.2025
FIFA екі жыл ішінде елімізде 100 шағын футбол алаңын салады
11.09.2025Албания астанасы Тиранада өткен УЕФА Атқарушы комитетінің жиынында Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан футзал қауымдастығының 19 жасқа дейінгі футзалшылар арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін елімізде өткізу туралы өтінімі мақұлданды. Бұл ақпарат ҚФФ ресми сайтында жарияланды.
Осы шешімге сәйкес, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қабылдаушы ел ретінде автоматты түрде финалдық кезеңге жолдама алады. Жарысқа барлығы сегіз команда қатысады.
Айта кетейік, бұл турнир алғаш рет 2019 жылы ұйымдастырылды. Қазір U-19 санатындағы Еуропа чемпионы атағы Португалияға тиесілі. Ал бұл турнирдің үздігі Испания. Олар аталмыш жарысты 2019 және 2022 жылдары жеңіп алды.
Одан бөлек УЕФА Атқарушы комитетінің жиынында бірқатар халықаралық және клубтық турнирлердің шешуші ойындарын қабылдайтын қалалар анықталды.