
FIFA екі жыл ішінде елімізде 100 шағын футбол алаңын салады
11.09.2025
Әли Әлиев қызметінен кетті
12.09.2025Бүгінде дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Джакартада жүр. Ол жақта палуандарымыз Азия чемпионатында бақ сынауда. Кеше жас тамами шеберлері жарыстың алғашқы күнін аяқтады. Нәтижесе жаман емес. Жасөспірім дзюдошылар 1 алтын, 3 күміс және 5 қола жүлде жеңіп алды.
Алтынды Фархат Зейнолла (-50 кг) иеленсе, Бекнұр Амангелді (-55 кг), Таңжарық Момынтай (-60 кг) мен Заманбек Бақтығали (-66 кг) күміс жүлде еншіледі. Ал Әбіш Пердалы (-50 кг), Аслан Ерғалиев (-55 кг), Зере Талғатқызы (-40 кг), Аяжан Ринатқызы (-48 кг) және Жанайым Маратбек (-52 кг) Азия чемпионатының қола жүлдесін қанжығалады.
Дереккөз Қазақстан дзюдо федерациясы





