
«Ақ бидай-2025» ойындарының алғашқы жарыс күні мәресіне жетті
13.09.2025
Әлем чемпионаты: финалдық жекпе-жектер нешеде өтеді?
14.09.2025Индонезия астанасы Джакартада жалауын көтерген жастар арасындағы Азия чемпионатын Қазақстан құрамасы жемісті бастады. Құрлықтық додада ел намысын қорғаған жас татами шеберлері 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль еншіледі. Бұл жөнінде Қазақстан дзюдо федерациясының ресми Telegram арнасында хабарланды.
Жарыстың бірінші күнінде қыздар арасында 48, 52, 57 және 63 келі, ал ұлдар арасында 60 және 66 келі салмақ дәрежелерінде балуандар өзара бақ сынады.

Нәтижесінде, 48 келі салмақта Іңкәр Құралбай барлық қарсыласын тізе бүктіріп, Азия чемпионы атанды. 60 келі салмақта сынға түскен Қайрат Жеңісұлы ақтық сынға дейін жетіп, күміс медальға қол жеткізді. Ал 66 келідегі Ерасыл Ержанов, 73 келідегі Ернар Кеңесхан және 52 келіде белдескен Сара Шугаева қола жүлдеге ие болды.
Айта кету керек, биылғы жастар арасындағы Азия біріншілігіне 20 елден 200-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Олар құрлықтың үздік дзюдошысы атағы үшін татами төрінде бар күшін салуда.
Қазақстан жастар құрамасының бұл көрсеткіші – ел дзюдосының болашағы жарқын екенін аңғартатын нышан. Алда әлі талай тартысты белдесулер бар, жас балуандарымыздың жүлде қорын молайтары сөзсіз.
Конец формы
Дереккөз: Қазақстан дзюдо федерациясы





