
Жаңа форматтағы әлем чемпионаты. Қазақстанға берілген мүмкіндік пе?
24.09.2025
Шавхаттың UFS-дегі келесі жекпе-жегі туралы ақпарат шықты
25.09.2025Кеше «Каспий — Ж» – «Жайық» матчы бір минут үнсіздікпен басталды. Оған «Жеңіс» футболшысы Виктория Қайсаринованың қазасы себеп болды.
Оқиға қыркүйектің23-ші болған. Виктория Павлодар – Қызылорда тасжолындағы Бәйет ауылынан бес шақырым жерде орын алған ауыр жол апатында қаза тапты. Жасы небәрі 19-да еді.
“Toyota Lucida” көлігі ара қашықтықты сақтамау салдарынан “Sitrak” жүк көлігімен соқтығысып, нәтижесінде көлік өртеніп кетті. Машинада болған бес адам көз жұмды.

Павлодар облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, «Toyota Lucida» көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, қашықтықты сақтамай, «Sitrak» жүк көлігіне соқтығысқан. Жол апатының салдарынан Toyota көлігі отқа оранған.
Виктория Павлодар қаласының ьумасы, «Ертіс» және «Ақсу» балалар футбол мектептерінің тәрбиеленушісі. Алаңда қорғаушы позициясында ойнады. Ересектер арасындағы жалғыз әрі соңғы маусымында 17 матч өткізіп, оның 14-інде негізгі құрамда алаңға шыққан.
Соңғы ойынын Виктория 8-қыркүйекте «Астанаға» қарсы өткен дербиде ойнады. Бірақ 30-минутта қолын жарақаттап алып, ауыстырылды. Кейінгң ойында «Жеңістің» футболшы қыздары алаңға Викторияның футболкасымен шықты – бұл командаласына қолдау көрсету еді.
Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Юлия Мясникова және әйелдер лигасы клубтарының капитандары бірігіп, Викторияның отбасына көмек көрсету үшін жедел қаражат жинады.
Ең қиын сәттерде жаныңда қол ұшын созатын адамдардың барын білу – үлкен демеу. Бақұл бол, Вика!
Түгелбай Бисен




