
Шавхаттың UFS-дегі келесі жекпе-жегі туралы ақпарат шықты
25.09.2025
Батысқазақстандық екі спортшы Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) жекелей стипендиясына ие болды.
26.09.2025Он жылдан астам уақытқа созылған жеңіс «бір дәуірдің соңындай» көрінеді. Құрамамен бірге ыстықты да суықты да көрген Шыңғыс Есенаманов пен Дуглас Жуниор ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтағанын жариялады.
Екеуі де ұлттық құраманың барлық басты жетістіктерінің куәгері ғана емес, бүтін бір қазақ елін қуанышқа бөлеген жеңісті ойындардың қатысушысы болды.
Еуро-2016 қола жүлдесі, 2016 жылғы ӘЧ 1/8 финал, Еуро-2018 жартылай финал, 2021 жылғы ӘЧ жартылай финал, Еуро-2022 ширек финал, 2024 жылғы ӘЧ ширек финал. Командалық спорт түрінде мұндай жетістікке жеткен құрама жоқ бізде.
36 жастағы Шыңғыс Есенаманов ұлттық құрамада 2009 жылы дебют жасады. Осы аралықта 118 матч өткізіп, 35 гол соқты. Чина лақап аты бар ойыншы матчтар сыны бойынша рекордшы.
–16 жыл бойы ұлттық құрамада ойнадым. Әрине, өте қиын. Мен аса сезімтал адам емеспін. Бұл — спорт, бұл — өмір. Көп жарақаттарды бастан өткердім – енді ұлттық құраманың деңгейінде үнемі дәлелдеудің өзі қиын. Бірақ мен әрдайым дәлелдеп жүрдім.иЖігіттер бұл менің құрамадағы соңғы циклым екенін білді. Жанкүйерлерге — үлкен рахмет,–деді Шыңғыс.

36 жастағы Дуглас Жуниор ұлттық құрамада 2015 жылы дебют жасап, 91 матчта 65 гол соқты. Бұл голдар саны бойынша рекорд.
–Ұлттық құрамадағы менің циклым аяқталды. Бұл Италиядан жеңілгеніміз үшін емес, немесе Еуроға шықпағанымыз үшін емес. Бұл шешімді мен отбасыммен бірге бұрында-ақ қабылдағанмын. Бұл саналы шешім.
Әр циклдың соңы болады. Менің циклым дәл қазір аяқталып отыр. Осы керемет 10 жылдық карьерам мен өмірімнің бір бөлігі болған барлық адамдарға алғыс айтамын. Бұл менің карьерамдағы ең үздік 10 жыл болғаны сөзсіз. Мен, Дуглас Жуниор, бүкіл қазақ халқымен, жанкүйерлермен бірге болдым, осы елде өмір сүрдім. Қала көшелерінде жанкүйерлермен кездескен сәттер жүрегімде мәңгі қалады.
–Мен әрдайым Қазақстан құрамасына жанкүйер боламын. Бірде менен: «Ұлттық құрамадағы карьерамнан қандай жетістік жетіспейді: Еуро ма, әлде ӘЧ ма»,–деп сұраған еді.. Сол кезде мен: «Қазақстан құрамасының бір бөлігі болып, футзалдың дамуына үлес қосу мен үшін ең үлкен жеңіс болды» деп жауап бердім. Баршаңызға рақмет! Мен әрдайым сіздермен біргемін. Алға, Қазақстан, –деді Дуглас.
Түгелбай Бисен





