
Батысқазақстандық екі спортшы Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) жекелей стипендиясына ие болды.
26.09.2025
Қоролдік клубты қазақ елі қалай қарсы алды?
29.09.2025Ксения Балабаева биылғы 20 жасқа дейінгі жасөспірім шахматшылар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Ол ұшқыр ойлы спортшылар жарысының рапид түрінде жеңіске жетті. Турнир Перу астанасы Лимада өтіп жатыр. 19 жастағы алматылық шахматшы 9 турдан кейін 7 ұпай жинады. Жарыс швейцар жүйесі бойынша 15+10 уақыт бақылауымен өтуде. Яғни әр ойынға 15 минут және әр жүріске 10 секунд қосылады. Балабаева екі күннен кейін 5 ұпаймен көш бастап тұрған. Жарыстың соңғы күнінде Ксения 47-ші жүрісте Умида Омоноваға мат қойюмен бастады. Кейін Анна Журова және Афруза Хамдамовамен тең ойнап, 1-ші орынды қамтамасыз етті.
Ксения Балабаева – 2024 жылы Будапештте өткен шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстанның ересектер арасындағы әйелдер құрамасының мүшесі. Қазақстан намысын бұл чемпионатта сондай-ақ Лия Құрманғалиева мен Әмина Қайырбекова қорғады. Амина 6 ұпай жинап 7-ші орынға ие болса, Лия 5 ұпаймен 12-ші орынды місе тұтты..

2025 жылғы әлем чемпионаты (рапид, G20)
1. WGM Ксения Балабаева (2287) – 7 ұпай;
2. WIM Афруза Хамдамова (2384, Өзбекстан) – 6½;
3. WFM Варвара Полякова (2065, FIDE) – 6½;
4. WFM Анна Журова (2189, FIDE) – 6½;
5. WIM Умида Омонова (2265, Өзбекстан) – 6;
6. FM Фиорелла Контрерас Уаман (2152, Перу) – 6;
7. WIM Әмина Қайырбекова (2259) – 6;
8. IM Элине Рёберс (2409, Нидерланды) – 6;
12. WGM Лия Құрманғалиева (2150) – 5.
Жігіттер арасында соңғы күннің алдында Өзбекстаннан шыққан үш шахматшы – гроссмейстер (GM) Мухиддин Мадаминов, халықаралық шеберлер (IM) Хумоюн Бегмуратов және Мухаммадзохид Суяров көш бастап тұрған. 16 жастағы Суяров рапид бойынша әлем чемпионы атанды.
2025 жылғы әлем чемпионаты (рапид, O20):
1. IM Мухаммадзохид Суяров (2372, Өзбекстан) –7½ ұпай;
2. GM Мухиддин Мадаминов (2458, Өзбекстан) – 7;
3. GM Денис Лазавик (2579, Беларусь) – 7;
4. IM Ликаэль Родерик Тикона Рокабадо (2367, Боливия) – 7;
5. IM Аарав Денгла (2172, Үндістан) – 7.
27–28 қыркүйек күндері шахматшылар блиц түрінде сынға түседі. (3+2 форматы: партияға 3 минут және әр жүріске 2 секунд қосылады) бұл жарыс күнінде 9 тур жопарланған. Бәсекелер швейцар жүйесімен өтеді.
Айта кетейік 2024 жылы тамыз айында Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық шахматшылар жүлдегерлер қатарына кірмеді.
Түгелбай Бисен





