
Шахматшы Ксения Балабаева – рапидтен әлем чемпионы!
26.09.2025
«Футболшылар өздерін тек жақсы жағынан көрсеткісі келеді» Егоро Сорокин
29.09.2025Кеше түнде Алматы әуежайына бортына әйгілі «Реал» футбол клубын тиеген «Iberia» әуе компаниясының IB 1401 ұшағы келіп қонды. Королдік клуб әуе кемесін «Flight Radar» сервисі арқылы 22 мыңнан астам адам бақылаған. Бұл сервистегі ең танымал рейс болды. (https://kaz.inform.kz/amp/real-madrid-almatiga-keld-zhankuyerler-auezhayda-kalay-karsi-aldi-1468f4/)
Қазақпарат сайтында шыққан материалға сенсек, Мадридтен ұшқан әуе кемесінің оңтүстік астанаға қонар уақыты жақындаған сәтте сүйікті командасын қарсы алуға асыққан жанкүйер Алматы әуежайын лық торлтырпты. Жанкүйерлер халықаралық рейс жолаушыларын қарсы алу аймағында жиналды. Алайда көпшілікті күткендей болмады. Өйткені «Реал Мадрид» ойыншылары әдеттегі есіктен емес, оңтүстік ВИП арқылы шықты.
Бірақ ВИП аймағында болған жанкүйерлер тобы қоршаудын сыртынан болса да сүйікті фуболшыларына қолдауын көрсете алды. Ұзақ ұшып келген мадридтік клуб ойыншылары бірден көліктерге отырып, қонақүйге асықты. Әуежайдан қалаға қарай бағыт алған кезде адамдар жол бойына тізіліп, «Реалды» ыстық ықыласпен қарсылап жатты.
(https://t.me/alaport_tav/307) Алматы халықаралық әуежайы өзінің телеграмында Чемпиондар лигасына қатысушы-ойыншыларды қазақы дәстүрмен қарсы алғанын жазды. «Қонақтарға қазақы қонақжайлық пен ыстық лебіз ықыласы көрсетілді. Футболшыларды УЕФА Чемпиондар лигасының әнұранын қазақтың дәстүрлі аспаптарында орындауы ерекше әсер етті. Бұл сәт спортқа деген сүйіспеншілік пен ерекше ұлттық үнді біріктірді»,–делінген әуежй телегармында.
Еске сала кетейік, 30 қыркүйек күні сағат 21:45-те Алматыдағы Орталық стадионда «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы Чемпиондар лигасы матчы өтеді.
Түгелбай Бисен





