
Даниял Сәбит әлем кубогіне бара ма?
03.10.2025
Дана Әбдірова — дзюдодан жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері
06.10.2025Жетісу облысы Талдықорған қаласында футболдан Қазақстан әуесқой лигасы ойындарының шешуші кезеңі өтуде.
Аяқдопты жанына серік еткен жандар жарысының финалдық кезеңіне өңірлік турнирлерде жеңіске жеткен 20 команда қатысуда. Аталмыш турнирде БҚО намысын «Желаев нан» командасы қорғауда. Бірінші турда өңір футболшылары павлодарлық «RB Arman» командасымен тең түсті. Есеп 1:1. Екінші турда оралдық аяқдопшылар «CYPHER ASTANA» командасын 3:0 есебімен жеңді. Енді "Желаев нан" Қостанай және Ақтөбе облыстары атынан келген командалармен шеберлік байқасады. Айта кетейік, турнир қазанның сегізі аяқталады. Жеңімпазға тек чемпиондық атақ қана берілмейді. Лиганың үздік ұжымы келер жылы Екінші лигада өнер көрсету, Қазақстан Кубогына қатысу, сондай-ақ еліміздің атынан UEFA Өңірлер кубогында бақ сынау мүмкіндігіне ие болады.





