
Бекайдар– «Жайық барысы»
09.10.2025
Түркістан төрінде өткен тартыс: облыс құрамасы топ жарды
13.10.2025WBO, IBF және WBA белдіктерін біріктіруші жекпе-жек жақын күндері ресми түрде жарияланады. Қазір Лараның шешімін күтіп отыр.
«Біз барлық қазақстандықтар асыға күткен тарихи және маңызды жекпе-жек келісімшартына қол қойдық. Бұл орта салмақты дүр сілкіндіретін кездесу болады. Жақын күндері промоутерлік компаниялар ресми хабарландыру жасайды. Алда – керемет шоу күтіп тұр.Біз басты мақсатымызға, атап айтқанда, төрт белдікті біріктіруге апаратын жолдың жартысынан өттік. Құдай қаласа, тарих жасаймыз. Қолымыздан келгенін жасап жатырмыз, нәтижесін де көп ұзамай көреміз деп сенеміз. Сіздерді қуантқым келді, сондықтан осы тамаша жаңалықпен алдын ала бөлісуді жөн көрдім,–деді Жәнібектің өкілі Берік Сұлтан
Бұған дейін “BoxingScene” басылымы Жәнібек – Лара жекпе-жегі 6 желтоқсанда Техас штатының Сан-Антонио қаласында өтеді деп жазған еді. Сол кештің басты оқиғасы бірінші жартылай орта салмақтағы Ламонт Роуч пен Исаак «Питбуль» Крус арасындағы кездесу болмақ.
Аталған бокс кешін Лараның промоутерлері “Premier Boxing Champions” ұйымдастырады. Жәнібек бұл жолы алғаш рет басқа промоутердің кешінде жұдырықтасады. Өйткені оның промоутерлік компаниясы “Top Rank” шілдеден бері телеарнамен келісімшартсыз қалды.





