
Дарьяның күмісі – ел мерейі
26.06.2026
Әлем чемпионаты – 2026: Норвегияның ерекше тағдыр тоғысы
29.06.2026Елордада 25–28 маусым күндері дәстүрлі садақ атудан «Чемпиондар лигасы» республикалық турнирі өтті. Төрт күнге созылған байрақты бәсекеде еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік мергендер үш нысана бойынша сынға түсіп, шеберліктерін паш етті.
Турнирдің алғашқы екі күніндегі нәтижелер қорытындысы бойынша VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы айқындалды. Бұл додада Батыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Әсемгүл Ғалымжанова жоғары деңгейдегі дайындық пен мергендігін көрсетіп, ұлттық құрама сапына енді.
Осылайша, жерлесіміз алдағы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан намысын халықаралық аренада қорғайтын болады. Бұл – спортшының ұзақ жылғы еңбегі мен табанды жаттығуларының жемісі.
Әсемгүл Ғалымжанованың ұлттық құрама қатарына қосылуы – өңір спорты үшін үлкен жетістік. Жерлесімізді айтулы табысымен құттықтап, алдағы халықаралық додада ел сенімін ақтап, жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз.





