
Өнер Сейілхан U23 Азия чемпионатының финалына шықты
12.07.2026
Өңірдегі командалық спорт үздіктері
15.07.2026Тайбэй қаласында өткен дзюдодан Азия кубогында Батыс Қазақстан облысының спортшылары табысты өнер көрсетіп, халықаралық жарыста үш жүлдеге қол жеткізді.
Құрлықтық додада өңір намысын қорғаған дзюдошылар жоғары дайындықтарын дәлелдеп, ел қоржынына бір күміс және екі қола медаль салды.
52 келі салмақ дәрежесінде белдескен Айша Мұрадимова финалға дейін сүрінбей жетіп, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.
Ал 60 келіде бақ сынаған Асылхан Зинуллин үздік үштіктен көрініп, Азия кубогының қола жүлдесіне ие болды.
66 келі салмақта белдескен Нұрсұлтан Зайзағалиев те сәтті өнер көрсетіп, қола медаль жеңіп алды.
Осылайша, Батыс Қазақстан облысының дзюдошылары халықаралық турнирді бір күміс және екі қола жүлдемен аяқтап, қазақстандық дзюдо мектебінің әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Спортшылардың бұл жетістігі – олардың қажырлы еңбегі мен жаттықтырушылардың жүйелі жұмысының нәтижесі. Халықаралық аренада өңір мерейін үстем еткен дзюдошылар мен олардың бапкерлерін жарқын жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарда да толағай табыстар тілейміз.





