
Зейнеп Баянова Будапешттегі рейтингтік турнирдің қола жүлдегері атанды
16.07.2026
Даниал Амангелді Қазақстанның U-15 ұлттық құрамасына шақырту алды
16.07.2026Индонезияның астанасы Джакарта қаласында бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жақындап келеді. Құрлық біріншілігінде Қазақстан құрамасының намысын қорғаған Батыс Қазақстан облысының боксшысы Өнер Сейілхан күміс жүлдеге ие болды.
80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Өнер жарыс барысында сенімді жекпе-жектер өткізіп, финалға дейін жетті. Алтын медаль үшін өткен шешуші кездесуде ол Өзбекстан өкілі Фазлиддин Еркинбоевпен қолғап түйістірді.
Тартысқа толы өткен финалдық айқаста төрешілердің шешімімен жеңіс қарсылас боксшыға берілді. Жекпе-жек 4:1 есебімен аяқталды.
Осылайша, Өнер Сейілхан Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алып, Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті медальді салды.
Айта кетейік, Өнер Сейілхан – жастар арасында әлем чемпионы атанған талантты боксшылардың бірі. Оның Азия чемпионатындағы күміс медалі – халықаралық аренадағы тұрақты жоғары нәтижесінің тағы бір дәлелі.
Батыс Қазақстан облысының спортшысын және оның жаттықтырушыларын айтулы жетістікпен құттықтап, алдағы халықаралық жарыстарда жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!





