
Бір хаттың тарихы: Энцо Фернандестің арманы қалай ақиқатқа айналды?
18.07.2026
Сүйінші Жанерке Тудахунова жазғы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды
21.07.2026Гонконгте жастар арасындағы дзюдодан өткен Азия кубогінде Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Батыс Қазақстан облысының спортшылары ел қоржынына бір алтын және екі қола медаль салды.
Азия құрлығының беделді додасына төрт құрлықтың 14 мемлекетінен 137 дзюдошы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Байрақты бәсекеде өңір палуандары жоғары шеберлік танытып, жүлделі орындардан көрінді.
90 келі салмақ дәрежесінде белдескен Архат Өтеген қарсыластарынан басым түсіп, жарыстың чемпионы атанды. Финалдық белдесуде сенімді күрес көрсеткен жерлесіміз алтын медаль иеленіп, Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті жүлдені салды.
Ал 66 келі салмақта бақ сынаған Нұрлан Исатаев пен 81 келіде күш сынасқан Серікбай Әбілмансур үздік үштікті түйіндеп, Азия кубогінің қола жүлдесін жеңіп алды.
Жас спортшылардың бұл жетістігі – олардың табанды дайындығы мен бапкерлердің жүйелі еңбегінің нәтижесі. Халықаралық деңгейдегі бәсекеде қол жеткізілген бұл табыс Батыс Қазақстан облысында дзюдо спортының қарқынды дамып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Батыс Қазақстан облысының спорт қауымдастығы Азия кубогінің жүлдегерлері мен олардың жаттықтырушыларын жоғары нәтижелерімен құттықтап, алдағы халықаралық жарыстарда жаңа белестерді бағындыруларына тілектестік білдіреді.





