
Сүйінші Жанерке Тудахунова жазғы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды
21.07.2026
Тоғызқұмалақшылар Әлем кубогінде жүлдеге ие болды
21.07.2026Петропавл қаласында қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр. Елдің әр өңірінен жиналған үздік жас палуандар боз кілемде өзара мықтыны анықтауда.
Аталған додада Батыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Айсұлу Сәрсенова тамаша өнер көрсетіп, чемпиондық атақты жеңіп алды.
+77 келі салмақ дәрежесінде белдескен Айсұлу төрт кездесуінің барлығында қарсыластарынан басым түсіп, жеңіске жетті. Осылайша, ол Қазақстан чемпионатының алтын медалін иеленіп, өңір қоржынына кезекті жоғары жетістікті салды.
Чемпион атанған спортшы – Бәйтерек ауданының Дариян ауылының тумасы. Оның жеңіс жолында жеке бапкері Фарид Сәпиевтің, сондай-ақ облыстың қазақ күресі бойынша жаттықтырушылар штабының жүйелі жұмысы мен кәсіби қолдауының үлесі зор.
Айсұлу соңғы жылдары республикалық жарыстарда тұрақты нәтижелерімен көзге түсіп келеді. Бұл жолғы жеңісі оның жоғары дайындық деңгейін, қайсар мінезі мен жеңіске деген жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Батыс Қазақстан облысының спорт қауымдастығы Айсұлу Сәрсенованы, бапкері Фарид Сәпиевті және облыстың қазақ күресі бойынша жаттықтырушылар құрамын жарқын жеңіспен құттықтайды.
Қазақстан чемпионының алдағы халықаралық жарыстарда да ел намысын абыроймен қорғап, жаңа белестерді бағындыруына тілектеспіз.





