
Батысқазақстандық Айсұлу Сәрсенова 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан чемпионы атанды
21.07.2026
Дастан Сәтбаев «Челси» сапындағы алғашқы ресми ойынында гол соқты
28.07.2026Чехия Республикасында тоғызқұмалақтан Әлем кубогі өтіп, әлемнің үздік спортшылары бас қосты. Халықаралық деңгейдегі беделді додада Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Батыс Қазақстан облысының спортшылары ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болды.
Классикалық бағдарлама бойынша өткен тартысты сайыста өңір спортшылары Жарасхан Сағынбаев пен Аида Карина жоғары ойын өрнегін көрсетіп, күміс жүлде жеңіп алды. Екеуі де әлемдік деңгейдегі қарсыластарымен тең дәрежеде бақ сынасып, жоғары шеберліктерін дәлелдеді.
Ал блиц бағдарламасында сынға түскен Дархан Ануарбеков үздік үштіктен көрініп, қола медальды қанжығасына байлады. Қысқа уақыт ішінде қабылданатын шешім мен тактикалық шеберлікті талап ететін бұл бағдарламада Дарханның нәтижесі жоғары бағаланды.
Әлем кубогіндегі бұл жетістік – Батыс Қазақстан облысында тоғызқұмалақ спортының қарқынды дамып келе жатқанын және өңір спортшыларының халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін тағы бір мәрте көрсетті.
Жүлдегер спортшыларды және олардың жаттықтырушыларын халықаралық жарыстағы жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы додаларда да Қазақстанның көк туын биікте желбіретіп, жаңа жеңістерге жете берулеріне тілектеспіз.





