
Облыс барысы кім болады? Фавориттер көп, тосын сый да болуы мүмкін
05.08.2026
Эльнар Жанболатұлы Жайық барысы
05.08.2026Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов семсерлесуден (шпага) Азия чемпионы Ирина Бакалдинаны қабылдады.
Кездесу барысында басқарма басшысы спортшыны халықаралық аренадағы тарихи жетістігімен құттықтап, бұл жеңіс тек спортшының ғана емес, өңір спортының да мерейін асқақтатқан маңызды оқиға екенін атап өтті.
– Сіздің Азия чемпионатындағы жеңісіңіз табанды еңбектің, қажырлы дайындықтың және қайсар мінездің жемісі. Бұл жетістік жас спортшылар үшін үлкен үлгі. Алдағы уақытта да басқарма тарапынан қажетті қолдау көрсетіле береді. Ендігі басты мақсат Азия ойындарында да сәтті өнер көрсетіп, Қазақстанның көк туын тағы бір мәрте жеңіс тұғырына көтеру, – деді Бақдәулет Сәбитов.
Қабылдау барысында Ирина Бакалдинаға Батыс Қазақстан облысының тұрғындары атынан қазақы дәстүрмен ұлттық нақыштағы кәжекей тарту етілді. Бұл сый-құрмет спортшының ел мерейін үстем еткен еңбегіне деген ризашылықтың белгісі болды.
Өз кезегінде Ирина Бакалдина көрсетілген құрмет пен қолдау үшін алғысын білдіріп, алдағы халықаралық жарыстарда да бар күш-жігерін салып, Қазақстанның абыройын асқақтатуға аянбай еңбек ететінін жеткізді.
– Осындай құрмет пен сенім маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Алдағы жарыстарға тыңғылықты дайындалып, жанкүйерлердің сенімін ақтап, еліміздің намысын лайықты қорғауға барымды саламын, – деді Азия чемпионы.
Кездесу барысында сондай-ақ өңірде семсерлесу спортын дамыту, жас спортшыларды қолдау, материалдық-техникалық базаны жетілдіру және халықаралық деңгейдегі нәтижелерді тұрақты түрде арттыру мәселелері талқыланды. Тараптар алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, Батыс Қазақстаннан әлемдік деңгейдегі жаңа чемпиондарды тәрбиелеуге күш салатынын атап өтті.
Айта кетейік, Ирина Бакалдина Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, Батыс Қазақстан облысының спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік сыйлады.
Түгелбай Бисен





