
Асқар Шайхиевті еске алу турнирінің бас жүлдесі Қарағандыға кетті
28.05.2026
Нұрсұлтан Нұриденов халықаралық турнир жүлдегері атанды
29.05.2026Орал Әлем чемпионы, Әлем кубогының иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Асқар Тастайұлы Шайхиевті еске алуға арналған дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы ашық республикалық турнир басталды.
«Жайық арена» спорт кешенінде ұйымдастырылған байрақты бәсеке — қазақ спортының тарихында өзіндік орны бар даңқты спортшы Асқар Шайхиевтің жарқын есімін ұлықтауға арналған тағылымды турнир. Ашылу салтанатында оның спорттағы сара жолы, ел намысын халықаралық ареналарда абыроймен қорғаған ерлігі мен жас буынға қалдырған өнегесі кеңінен айтылды.
Ширек ғасырлық тарихы бар турнир соңғы екі жылдан бері дзюдо күресінен ұйымдастырылып келеді.
Биылғы жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасынан келген 200-ден астам спортшы қатысуда. Жалпы саны 16 команда жиналған дода дзюдо спортының дамуына серпін беретін маңызды жарыстардың біріне айналды.
Турнирдің ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Төреғалиев Нариман Төреғалиұлы, Қазақстан дзюдо федерациясы президентінің кеңесшісі Айбек Имашев, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, дзюдодан Қазақстанның тұңғыш әлем чемпионы Максим Раков, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ибраев, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Елдос Жұмаханов, БҚО дзюдо федерациясының президенті Рустам Шайхиев және самбодан үш дүркін әлем чемпионы Алмас Сүлейменов қатысты.
–Асқар Шайхиев боз кілемде топ жарған чемпион ғана емес, қайсарлық пен рухтың, еңбек пен ерліктің символына айналған азамат. Оның жеңіске деген жігері, ел намысын бәрінен биік қойған өр мінезі жас буынға әрдайым үлгі. Осындай арда азаматты ұлықтау — ел рухын асқақтатып, жас спортшыларға үлкен жігер сыйлайтын маңызды тағылым. Екі жылдан бері бұл бәссеке еліміз бен алыс-жақын шетелден келген дзюдошылардың басын қосуда. Осы жарыс жеңімпаздарына ҚР спорт шебері атағы беріледі. Бұл да палуандарға ерекше жігер береді. Ендеше жарыс қатысушыларына сәттілік тілеймін. Бабы мен бағы келіскен шын мықты жеңіске жетсін,–деді облыс әкімі.
Жарыстың салтанатты ашылуында құттықтау сөз сөйлеген Қазақстан дзюдо федерациясы президентінің кеңесшісі айбек Имашев мұндай турнир өңір ғана емес ел спорты үшін маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар ол Қазақстан дзюдо федерациясының атынан Батыс Қазақстан облысының әкіміне алғыс хат табыстады.
Салтанатты ашылу рәсімінен соң палуандар медаль таласына түсті.
Бірінші жарыс күнінің қорытындысында:
48 келі салмақ дәрежесі әйелдер
1 орын — Айдана Хасенқызы (Маңғыстау облысы)
2 орын — Аяна Дүйсенбай (Атырау облысы)
3 орын — Жанар Қақбаева (Қостанай облысы)
3 орын — Әсем Бисенғалиева (БҚО)
52 келі салмақ дәрежесі әйелдер
1 орын — Аружан Адасхан (Жамбыл облысы)
2 орын — Гауһар Бақтияр (Атырау облысы)
3 орын — Гүлназ Қуаныш (Қостанай облысы)
3 орын — Яна Бровко (Қостанай облысы)
57 келі салмақ дәрежесі әйелдер
1 орын — Нұрайлым Сәрсенбек (Ұлытау облысы)
2 орын — Әбілқасым Арузан (Қызылорда облысы)
3 орын — Аружан Алмағамбетова (Қызылорда облысы)
3 орын — Рамина Акчунина (Ақтөбе облысы)
63 келі салмақ дәрежесі әйелдер
1 орын — Дана Абдирова (Атырау облысы)
2 орын — Валерия Постникова (Қарағанды облысы)
3 орын — Гүлнұр Баханова (Ақтөбе облысы)
3 орын — Дарья Бондарь (Қостанай облысы)
60 келі салмақ дәрежесі ерлер
1 орын — Темірлан Меңдіғалиев (БҚО)
2 орын — Абай Жанәділ (БҚО)
3 орын — Рамазан Хузиахметов (Шымкент)
3 орын — Жасар Жақсылық (Маңғыстау облысы)
66 келі салмақ дәрежесі ерлер
1 орын — Нұрсұлтан Зайзағалиев (БҚО)
2 орын — Әділет Жолекеш (Маңғыстау облысы)
3 орын — Нұрсұлтан Жұбатқан (Маңғыстау облысы)
3 орын — Ердәулет Бозша (Қызылорда облысы)
73 келі салмақ дәрежесі ерлер
1 орын — Дастан Жұмажанов (Қарағанды облысы)
2 орын — Мәди Жеткерген (Ақтөбе облысы)
3 орын — Тайман Нұрғалиев (БҚО)
3 орын — Ернұр Кеңесхан (Алматы)
Жарыстың екінші күнінің нәтижелер
81 кг салмақ дәрежесі ерлер
1 орын — Айғали Қалдыбек (Қызылорда облысы)
2 орын — Еділ Ерболұлы (Алматы)
3 орын — Нұрбек Мұрат (Ақтөбе облысы)
3 орын — Қанат Әбітұлы (Маңғыстау облысы)
+78 кг салмақ дәрежесі әйелдер
1 орын — Айдана Ғазизқызы (Қызылорда облысы)
2 орын — Әсел Қазиева (БҚО)
3 орын — Айсұлу Сәрсенова (БҚО)
3 орын — Карина Такиева (БҚО)
90 кг салмақ дәрежесі ерлер
1 орын — Нұржан Бисенов (Ақтөбе облысы)
2 орын — Данилл Крылов (БҚО)
3 орын — Руслан Мусаев (Маңғыстау облысы)
3 орын — Сухроб Турсунов (Өзбекстан)
100 кг салмақ дәрежесі ерлер
1 орын — Нұрымжан Габбасов (БҚО)
2 орын — Сардор Эркинов (Өзбекстан)
3 орын — Нұрдәулет Тынышқали (Ақтөбе облысы)
3 орын — Әділет Сапарғалиев (Атырау облысы)
-70 кг салмақ дәрежесі әйелдер
1 орын — Нұрбибі Ұлықбекова (Қызылорда облысы)
2 орын — Жансая Шеген (Қостанай облысы)
3 орын — Мила Мұхаметова (Ақтөбе облысы)
3 орын — Айдана Елеусінова (БҚО)
-78 кг салмақ дәрежесі әйелдер
1 орын — Аружан Жандарбай (Атырау облысы)
2 орын — Шынар Абатова (Қызылорда облысы)
3 орын — Дарья Забильская (БҚО)
3 орын — Махабат Жеңіс (Ақтөбе облысы)
+100 кг салмақ дәрежесі ерлер
1 орын — Мейіржан Абдумаников (Түркістан облысы)
2 орын — Мерей Бердіғали (БҚО)
3 орын — Рамиль Халилов (БҚО)
3 орын — Айдос Мұратов (БҚО)





