
Шалқар көлін тартымды ету жол картасы әзірленуде
10.06.2026
КҮМІС ЖҮЛДЕ – ҮЛКЕН ЖЕТІСТІК
11.06.2026Алматы қаласында Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогі басталды.
Азияның және алыс-жақын шетелдердің үздік жас дзюдошылары қатысып жатқан беделді халықаралық жарыстың алғашқы күні Батыс Қазақстан облысының спортшылары ел қоржынына екі жүлде салды.
Алдымен 40 келі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан Жанайым Ниязбек жарыстың қола жүлдегері атанды.

Ал 52 келі салмақта бақ сынаған Фатима Сұпығалиева Азия кубогінің алтын медалін жеңіп алды.
Араға бір күн салып, жастар арасындағы белдесулер басталады. Бұл сындарда Қазақстан құрамасы сапында Абай Жанаділ (60 келі), Нұрлан Исатаев (66 кеді), Қыдырбай Мырзатай мен Серікбай Әбілмансур (81 келі), ал 90 келі салмақ дәрежесінде Архат Өтеген атты БҚО дзюдошылары ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогі ірі де маңызды жарыстардың бірі саналады. Сондықтан бұл додада қол жеткізілген әр нәтиже спортшылардың халықаралық рейтингін жақсартуға және тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді.
Біздің жаңалықтарды https://web.telegram.org/k/#@tugelLive және https://www.instagram.com/tugellive?igsh=MTI5OGh6MGFyNXFycA== парақшаларынан оқи аласыздар




