
«Бір туристік обьект» жобасы дайын
09.06.2026БҚО дзюдошылары ел қоржынына екі медаль салды
10.06.2026Өңірдегі ең танымал демалыс орындарының бірі – Шалқар көлі. Табиғи ерекшелігімен танылған көлдің минералдарға бай тұзды суы демалушылардың денсаулығын жақсартуға ықпал етеді. Жыл сайын шалқарға баруға ниеттенген туристер саны артып келеді.
–Қазіргі уақытта 2026-2029 жылдарға арналған Шалқар көлін дамыту жөніндегі жол картасы әзірленуде. Құжат аясында көл суының құрамын және Әлжан сор топырағының қасиеттерін ғылыми тұрғыдан зерттеу, су деңгейін сақтау және көбейту бағытындағы жұмыстар қарастырылған. Сонымен қатар көл жағалауындағы жер телімін Теректі ауданының коммуналдық меншігінен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қарауына беру рәсімі басталды,–деді Бақдәулет Сәбитов.
Қазірдің өзінде жазда көл жағалауында 100-ден астам киіз үй тігіліп, келушілер саны тәулігіне мың адамға дейін жетеді деп күтілуде. Соған байлансты Теректі ауданы мен Шалқар ауылдық округі әкімдіктері бірлесіп жағажай аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, жағалау аумағы белгіленіп, бес санитарлық-гигиеналық торап, бірнеше киім ауыстыратын орын мен душ кабиналарын орнату жоспарланған. Сондай-ақ футбол және волейбол алаңдары салынып, демалыс аймақтарында мангал және барбекью орындары, автотұрақтар мен қоқыс жәшіктері орналастырылады. Туристік нысанды кеңінен насихаттау мақсатында әлеуметтік желілер арқылы Шалқар көлінің брендингін қалыптастыру жұмыстары қолға алынған. Сонымен қатар төтенше жағдайлар қызметімен бірлесіп құтқару бекеті орнатылып, құтқарушылар, медицина және полиция қызметкерлерінің кезекшілігі қамтамасыз етіледі.
Біздің жаңалықтарды https://web.telegram.org/k/#@tugelLive және https://www.instagram.com/tugellive?igsh=MTI5OGh6MGFyNXFycA== парақшаларынан оқи аласыздар





