
Қазақ спортындағы тарихи жеңіс: Ирина Бакалдина Азия чемпионы атанды
22.06.2026
Түркістан төріндегі табыс
23.06.2026Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан ерлер ұлттық құрамасы қылыш сайысында қола жүлдеге ие болды.
Үшінші орын үшін өткен тартысты кездесуде қазақстандық спортшылар Қытай құрамасын 45:44 есебімен жеңіп, құрлық біріншілігінің қола медалін қанжығасына байлады.
Ел намысын Артем Саркисян, Жанат Набиев, Назарбай Саттархан және Нұрмұхаммед Жайлыбай қорғады.
Қазақстандық семсерлесушілер жарыс барысында жоғары шеберлік пен қайсар мінез танытты. Отандастарымыз 1/8 финалда Иран құрамасын 45:33 есебімен сенімді түрде жеңсе, ширек финалда Өзбекстан командасынан 45:43 есебімен басым түсті. Ал жартылай финалда Азиядағы көшбасшы құрамалардың бірі – Оңтүстік Кореяға 34:45 есебімен жол берді.
Дегенмен қазақстандық спортшылар жүлде үшін өткен кездесуде жігер танытып, Қытай құрамасын бір ұпай айырмасымен жеңіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржыны үшінші жүлдемен толықты. Бұған дейін сапы сайысында Ирина Бакалдина тарихи алтын медаль жеңіп алса, осы бағдарламада Руслан Курбанов қола жүлдеге қол жеткізген болатын.
Айта кетейік, Нью-Делиде өтіп жатқан Азия чемпионаты 24 маусымда аяқталады.





