
БҚО ауыр атлеттері ел чемпионатында 9 медаль жеңіп алды
23.06.2026
13 жыл күткен жүлде
24.06.2026Футбол әлеміндегі ең қарама-қайшы тұлға. Оның бойындағы асқан эгоизм астамшылық болып көрінетін мінезі шектен тыс ашуды тудырады. Бірақ оның феноменалды еңбекқорлығы мен мақсатына жетудегі соқыр сенімділігі еріксіз бас идіреді.
Бүгінде ол жер бетіндегі ешбір пенде қол жеткізбеген шыңды бағындырды: Роналду — қатарынан 6 бірдей әлем чемпионатында гол соққан тарихтағы жалғыз футболшы. Бұл тек таланттың емес, ондаған жылдар бойғы тоқтаусыз еңбектің, темірдей тәртіптің жемісі.
Қазақстан жанкүйерлері үшін оның тарихы тіпті ерекше. Осыдан 23 жыл бұрын Португалияның кішкентай Шавиш қаласында өткен жолдастық кездесуде жас, арық, шашы бұйра жігіт ең алғаш рет ұлттық құрама жейдесін киіп алаңға шыққан еді.
Оның халықаралық деңгейдегі ұзақ та ұлы сапары дәл біздің Қазақстан құрамасына қарсы матчтан басталды. Сол Шавиште басталған жол, бүгін әлем футболының алтын төріне алып келді.





