
Туризм мен ұлттық рух үндестігі
01.07.2026
Өнер Сейілхан U23 Азия чемпионатының финалына шықты
12.07.2026Түркістан қаласында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында жеке жаттығулар бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр.
Елдің үздік жас ауыр атлеттері бас қосқан додада Батыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Диас Құрманғазиев табысты өнер көрсетті.
71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз жұлқа көтеру жаттығуында күміс жүлдені жеңіп алды. Ал серпе көтеруде үшінші нәтиже көрсетіп, қола медаль иеленді.
Қоссайыс қорытындысы бойынша Диас Құрманғазиев жалпы есепте де Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Бұл жетістік – спортшының жүйелі дайындығы мен қажырлы еңбегінің нәтижесі. Чемпионат әлі де жалғасуда.
Диас Құрманғазиевті жүлделі нәтижесімен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!





