
Жанкешті жанкүйерлер клубты құтқарып қалды
09.06.2026
Шалқар көлін тартымды ету жол картасы әзірленуде
10.06.2026Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов «Бір туристік обьект» жобасы дайындалып жатқанын айтты. Ол өңір туризмін дамытудың бірден бір жолы.
Қазіргі таңда облыстың әр ауданында туристік әлеуетті арттыру мақсатында «Бір туристік объект» жобасы іске асырылып жатыр. Соның аясында Ақжайық ауданында «Жұбан ізімен» маршруты, Бәйтерек ауданында М.Шолохов мемориалдық музейі, Бөкей ордасы ауданында Хан Ордасы тарихи-мәдени музей-қорығы, Жаңақала ауданында Мұқыр елді мекені, Казталов ауданында Ақпәтер тарихи-өлкетану музейі, Сырым ауданында Жұмағазы хазірет кесенесі, Тасқала ауданында Ешкітау, Теректі ауданында Тақсай ханшайымы кешені, Шыңғырлау ауданында Сарқырама және Қаратөбе ауданында Құныскерей үңгірі туристік бағыт ретінде ұсынылған.





