
Диас Құрманғазиев Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды
06.07.2026
БҚО дзюдошылары Тайбэйдегі Азия кубогынан үш жүлдемен оралды
12.07.2026Қазақстандық былғары қолғап шебері, жастар арасындағы әлем чемпионы Өнер Сейілхан U23 санатындағы Азия чемпионатының финалына жолдама алды.
80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан қазақстандық боксшы жартылай финалда Қырғызстан өкілі Сағын Сатыбалды уулуымен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жек жанкүйерлердің қызығушылығын тудырды.
Кездесудің алғашқы раундында қарсыласы басымдық танытқанымен, Өнер Сейілхан екінші және үшінші раундтарда айқастың тізгінін өз қолына алып, шабуылда да, қорғаныста да жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетті. Қазақстандық боксшының дәл соққылары мен белсенді әрекеті төрешілердің жоғары бағасына ие болды.
Нәтижесінде төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен Өнер Сейілханның жеңісін тіркеп, оны турнирдің финалына шығарды.
Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері енді Азия чемпионатының алтын жүлдесі үшін шаршы алаңға шығады.





